«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.
Қаулы жобасы "экономиканың нақты секторына кредит беруді кеңейту және халықтың кредиттелуін төмендету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 140 Жарлығының 4-тармағының екінші бөлігін орындау және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігімен астық қолхаттарын қатты кепіл санатына енгізу және ислам банктері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін пруденциалдық нормативтер мен өзге де сақталуы міндетті нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемесін, банк капиталының мөлшерін жаңарту.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14739637 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz, www.finreg.kz