Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы– өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы сәуірде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері0,7%-ға азайды және 2022 жылғы 1 мамырдағы  жағдай бойынша1,9 трлнтеңге болды. 2022 жылғы сәуірде активтердің төмендеуі негізіненекінші деңгейдегі банктерде орналастырылған ақша қаражаттары мен салымдардың қысқаруыменбайланысты болды.

Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің70,6%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі –1,34 трлнтеңге, олар сәуірде 0,9%-ға немесе 12 млрд теңгеге ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы сәуірде0,8%-ғанемесе10 млрдтеңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 мамырдағы  жағдай бойынша1,18 трлнтеңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен,сақтандыру сыйлықақыларының өсуіесебінен болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы сәуірде 3,1%-ға немесе 22,9 млрд теңгеге төмендеді және 715 млрдтеңге болды. Теріс серпін дивидендтер төлеу есебінен қалыптасты.

2022 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша0,6 млрдтеңге мөлшерде таза пайда алынды. Бұл ретте 2022 жылдың басынан таза пайда 31,3 млрд теңге құрады.

2022 жылғы сәуірде  жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны1 033 553болды, бұл ағымдағы жылғы наурызбен салыстырғанда8,6%-ға көп. 2022 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны3 532 942болды, 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда10,2%-ғакөп.

Бұл өсім, негізінен, ауру жағдайында сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 96,4%-ға немесе110 710шартқа,  жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша 23,5%-ға немесе  
84 269шартқа және өмірді сақтандыру шарттарының 8,3%-ға немесе  53 854шартқа ұлғаюымен байланысты болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 4 айда273,2 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,9%-ға көп.

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері45 млрдтеңге жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 3,5 млрд теңге немесе  30,1%).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 4 айда93,3 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда10,6%-ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 67%-ға немесе 21,1 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан134,9млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда7,4%-ға көп. Бұлмүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың5,8% -ға немесе 4,4 млрд теңгеге жәнеазаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша37,8%-ға немесе 4,9 млрд теңгегеұлғаюыменбайланысты.

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі56 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда44,2%-ға артық, 2022 жылғы сәуірде – 19,6 млрд теңге. 2022 жылдың басынан барлығы277 171 төлем, сәуір айында – 76 мың төлем жүзеге асырылды.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

 

Қызмет бағыты