2022 жылғы 1 мамырдағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда-саттық тізімдерінде 147 эмитенттің  161 акциясыболды, оның ішінде 44 шығарылым KASE Global секторында айналымға жіберілді.

2022 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша KASE индексі3 033,5 тармаққадейін9,4%-ға төмендеді. Ең көп төмендеу «ҚазТрансОйл» АҚ (-20,9%), «Kcell» АҚ (-17,6%), «KEGOC» АҚ (-10,4%) бойынша болды.

Акциялар нарығын капиталдандыру 2022 жылғы сәуірде сыртқы конъюнктураның нашарлауы аясында индекстік компаниялардың акциялары бағасын түзету есебінен1,5%-ға азайып, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша23 трлнтеңгені құрады.

Ағымдағы жылғы сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі 2022 жылғы наурыздағы акциялармен сауда-саттық көлеміне қатысты17,8%-ға немесе 2,4 млрд теңгеге төмендеп,10,9 млрдтеңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2022 жылғы сәуір айында0,9%-ғаұлғайып, 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша15 трлнтеңгені құрады. 2022 жылғы 1 мамырға KASE сауда-саттық тізімінде83эмитенттің корпоративтік облигацияларының326 шығарылымыболды.

2022 жылғы сәуірде KASE корпоративтік облигацияларымен сауда-саттық көлемі алдыңғы айға қатысты3,1 есеге,182,5 млрдтеңгеге дейін өсті.

Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында инвесторлардың негізгі санаттары бойынша екінші деңгейдегі банктердің үлесі 24,8%-ды, брокерлік және дилерлік ұйымдардың үлесі 4,3%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі 13,5%-ды, басқа заңды тұлғалардың үлесі 55,2%-ды, жеке тұлғалардың үлесі 2,1%-ды құрады.  Бейрезиденттердің үлесі 1,0%-ды құрады.

KASE-те саудаланатын мемлекеттік борыштың номиналды сомасы 2022 жылғы наурыздағы көрсеткіштермен салыстырғанда      0,4%-ға көтеріліп, 2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша17,3трлнтеңгені құрады. 

2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша KASE-тегі мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығының жиынтық көлемі 2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 0,3%-ға ұлғайып,602,3 млрдтеңгені құрады.

2022 жылғы сәуірде мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2022 жылғы наурызбен салыстырғанда2,9%-ғаөсіп,278,5 млрдтеңгені құрады. Оның ішінде 21,7 млрд теңгені Алматы, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімдіктері тартты және 256,7 млрд теңгені Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тартты.

2022 жылғы сәуірде қайталама нарықтағы инвесторлар құрылымындағы банктердің үлесі –52,8%,брокер-дилерлік ұйымдардың үлесі –6,3%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі –2,2%,басқа заңды тұлғалардың үлесі –38,5%, жеке тұлғалардың үлесі – 0,2% болды. Бейрезиденттердің қатысуы11,6%-ға бағаланады.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында42инвестициялық пай қорлары жұмыс істеді, оның ішінде           22 аралық, 19 жабық және 1 ашық.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 2022 жылғы сәуір айының қорытындылары бойынша                6,7%-ға төмендеп,458,3 млрдтеңгені құрады (2022 жылдың басынан бері төмендеу – 5,1%). Бұл төмендеу, ең алдымен, бағалы қағаздар портфелінің төмендеуі есебінен болды (30 млрд теңгеге немесе 6,8%-ға төмендеу). Оның ішінде бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздар портфелі 25,6 млрд теңгеге немесе 7,6%-ға төмендеді, резидент-эмитенттердің бағалы қағаздар портфелі 2,3 млрд теңгеге немесе 2,8%-ға төмендеді.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша инвестициялық пай қорлардың негізгі активтері410,6 млрдтеңгені немесе жиынтық активтердің89,6%-ын құрайтын бағалы қағаздар портфелі болып табылады, бұл ретте портфельдің 98,2%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша инвестициялық пай қорлары портфеліндегі бейрезидент-эмитенттердің бағалы қағаздары309,7 млрдтеңгені немесе жиынтық активтердің67,6%-ын, ҚР резидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары78,3млрд теңгені немесе жиынтық активтердің17,1%-ын құрады. Активтер құрамында, сондай-ақ 14,8 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 3,2%-ы мөлшерінде шетелдік инвестициялық қорлардың пайлары бар.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын39брокер және дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым),9кастодиан банк,19инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ бірыңғай тіркеуші функцияларын орындайтын: «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ сияқты                                         2инфрақұрылымдық ұйым ұсынды. Сонымен қатар, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың негізінде орталық контрагент жұмыс істейді. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар саны74дананы құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz