2022 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 сәуірдегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратынұйымдардың(бұдан әрі – МҚҚЖҰ) жиынтық активтері 2022 жылдың
1 тоқсанында12%-ға ұлғайып, шамамен1,76 трлнтеңгені құрады.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымына –982,5 млрдтеңге немесе55,9%, кредиттік серіктестіктерге - 563,2 млрд теңге немесе 32,0%, ломбардтарға – 212,5 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның жиынтық міндеттемелері 2022 жылғы 1 тоқсанда 7,5%-ға ұлғайып,1 трлнтеңгеден астам болды. Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін алынған қарыздар80,9%-дынемесе 871,9 млрдтеңгені құрайды.

Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы680,7 млрдтеңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 2022 жылғы 1 тоқсандағы жағдай бойынша  МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 19,9%-ға немесе113,1 млрдтеңгегеұлғайды.

МҚҚЖҰ-ның жиынтық несие портфелі 2022 жылғы 1 тоқсандағы жағдай бойынша 107 млрд теңгеге немесе 7,8%-ғаұлғайып,1,48 трлнтеңгені құрады. Ұлғаю, негізінен, жеке тұлғаларға берілетін қарыздардың өсуіне байланысты.

Микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер берген қарыздар (микрокредиттер) (құнсыздануға арналған резервтерді шегергенде) тиісінше активтердің 77,0% және 94,4%-ын құрады. Бұл ретте ломбардтар мен онлайн-кредиторлардың активтерінде құнсыздануға арналған резервтерді шегергендегі несие портфелі тиісінше 67,1% және 85,5%-ды құрайды.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МҚҚЖҰ жеке тұлғаларға берген қарыздар 2022 жылғы 1 тоқсанындағы жағдай бойынша 
4,2% - ға өсіп,1,07 трлн  теңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар8,0%-ға, 0,36 трлн теңгеге дейін өсті.

Заңды тұлғаларға қарыздар 2022 жылғы 1 тоқсанындағы жағдай бойынша 18,0%-ға 0,41 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі МҚҚЖҰ портфелінде 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша4,9%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарға – 4,5%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш6,5%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға – 5,8%), заңды тұлғалардың портфелінде –0,3%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарға - 0,2%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237 1090,press@finreg.kz

Қызмет бағыты