Қазақстанның банк секторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстанның банк секторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі22 банкбар, оның 14 банкі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 11 еншілес банк.

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы наурызда
1,1%-ғатөмендеді, бұл негізінен корреспонденттік шоттардағы қалдықтардың және басқа банктерде орналастырылған салымдардың 22,6%-ға немесе 386 млрд теңгеге төмендеуі, сондай-ақ бағалы қағаздар портфелінің 5,6%-ға немесе 439 млрд теңгеге азаюы есебінен болды. 2022 жылғы 1 сәуірде активтер37,8 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктерде шамамен11,5 трлнтеңгені немесе активтердің30,6%-ынқұрайтын өтімділігі жоғары активтердің айтарлықтай қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері наурызда, негізінен, клиенттер салымдарының 3,4%-ға азаюы есебінен1,2%-ғақысқарды және 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша33,1 трлн теңгеніқұрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы, көбіне, банктердің жиынтық міндеттемелерінің 77,5%-ын немесе25,7 трлнтеңгені құрайтын депозиттік портфельден тұрады.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторында капиталдың жеткілікті қоры бар. Негізгі капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k1) –18,9%, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті (k2) –22,8%, бұл орташа алғанда, жүйе бойынша заңнамада белгіленген нормативтерден әлдеқайда көп.

2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша банктердің таза табысы358,9 млрдтеңгені құрады. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 сәуірде3,8%(2021 жылғы 1 сәуірде – 2,5%), капиталдың рентабельділігі (ROE) –31,3%(2021 жылғы 1 сәуірде – 19,8%) болды.

Экономикаға кредиттер 2022 жылғы наурызда 0,6%-ға ұлғайып,19,2 трлнтеңгені құрады. 2022 жылғы наурызда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,2%-ға11,2 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға8,1 трлнтеңгеге дейін төмендеді.

2022 жылғы наурызда ұлттық валютадағы кредиттер көлемі
1,7%-ға17,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі, негізінен, теңгенің айырбастау бағамының5,7%-ға(бір доллар үшін 495,0 теңгеден 467,0 теңгеге дейін) нығаюы нәтижесінде 8%-ға1,9 трлнтеңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы 1 наурызда теңгемен кредиттердің үлес салмағы90,3%-дықұрады.

2022 жылғы наурызда1,9 трлнтеңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы ақпанға қарағанда5,5%-ға көп.

2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша салалар бойынша алғанда банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 14,3%), сауда (11,4%), құрылыс (3,4%) және көлік (2,7%) сияқты салаларға тиесілі. Басқа салаларға – кредиттердің 68,2%-ы.

2022 жылғы наурызда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі14,5%-ды(2022 жылғы 1 наурызға – 12,2%), жеке тұлғаларға –18,0%-ды(жылдың 1 наурызына - 18,4%) құрады.

2022 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредит портфелінің жалпы көлемінің3,6%-нқұрады (2022 жылдың басында – 3,3%).

ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі4,3%-дықұрады (2022 жылғы қаңтарда – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде –3,7%(2022 жылғы қаңтарда – 3,7%).

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі74,9%-дықұрады.

 

 Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты