Қазақстанның сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстанның сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде9– өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы наурызда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,0%-ғаазайды және 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша1,9 трлнтеңгені құрады. 2022 жылғы наурызда активтердің төмендеуі негізіненшетел валютасындағы активтерді қайта бағалауменбайланысты  болды.

Активтер құрылымында барынша жоғары үлесті (жиынтық активтерден69,5%)1,3 трлнтеңгені құрайтын бағалы қағаздар алады, олар АҚШ доллары мен еуро сияқты номинирлеудің негізгі валюталарының наурызда құнын тиісінше5,8%және 6,4%жоғалтуына байланысты негізінен шетел валютасында номинирленген бағалы қағаздарды қайта бағалаудың есебінен наурызда 6,3%-ға немесе 89 млрд теңгеге төмендеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы наурызда1,5%-ғанемесе18 млрдтеңгеге төмендеді және 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша1,2 трлнтеңгені құрады. Міндеттемелердің азаюы, негізінен,РЕПО операциялары көлемінің төмендеуіесебінен болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы наурызда3%-ғанемесе 21,8 млрд теңгеге төмендеп,738 млрдтеңгені құрады. Теріс серпін инвестициялық қызмет бойынша шығынның есебінен орын алды.

Шетел валютасын қайта бағалаумен байланысты 2022 жылғы наурызда сақтандыру нарығы бойынша8,1 млрдтеңге мөлшерінде таза шығын болды. Бұл ретте 2022 жылдың басынан бері таза пайда 30,7 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы наурызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны951 389шартты құрады, бұл 2022 жылғы ақпанмен салыстырған11,7%-ғаартық. 2022 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны2 499 389шартты құрады, бұл 2021 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда10,3%-ғаартық.

Бұл өсім, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының83 539шартқа немесе35,3%-ға, ауырған жағдайда сақтандыру бойынша72 943шартқа немесе106,3%-ға және өмірді сақтандыру бойынша53 525шартқа немесе11,8%-ғаұлғаюына байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 3 айында206,9млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда8,4%-ға артық.

Жыл басынан бері міндетті сақтандыру бойынша31 млрдтеңге жиналды, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда15,5%-ға артық. Өсім, негізінен, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша болды, атап айтқанда2,2 млрдтеңгеге немесе29,3%-ға ұлғайды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша 2022 жылдың 3 айында –72,8 млрдтеңге, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда14,6%-ғатөмен. Төмендеу, ең алдымен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойыншасақтандыру сыйлықақылары алымының72%-ға немесе 19 млрд теңгегеазаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ағымдағы жылдың басынан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары –103 млрдтеңге, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда23,8%-ға артық. Бұлмүліктізияннансақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың24,1%-ға немесе 12,9 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша18,6%-ғанемесе 1,3 млрд теңгеге өсуімен байланысты.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі36,4млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда34,3%-ға артық. Барлығы203 830 төлемжасалды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты