«Банк ЦентрКредит» АҚ-қа «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» АҚ-тың банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

«Банк ЦентрКредит» АҚ-қа «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» АҚ-тың банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралы

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) 2022 жылғы 29 сәуірде Агенттік Басқармасының «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамына («БЦК» АҚ)  «Альфа-Банк» Еншілес Банкі» акционерлік қоғамы (Альфа-Банк) банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру туралы»№ 29 қаулысықабылданғанын хабарлайды.

Банктер туралы заңның 17-1-бабының талаптарына сәйкес «БЦК» АҚ Агенттікке Альфа-Банк банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алуға өтініш пен құжаттар топтамасын ұсынды. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің100%дауыс беретін акцияларын сатып алуды және Альфа-банктің «БЦК» АҚ-қа қосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Банктер туралы заңның 8-бабының 1 және 4-тармақтарында банктер басқа қаржы ұйымының акцияларының бақылау пакетін сатып алуы үшінбанкте банк холдингінің болуықажетжәне банктің басқа заңды тұлғаларға инвестициясының сомасы банктің меншікті капиталының 10%-нанаспауға тиіс екендігібелгіленген.

Банктер туралы заңның 8-бабы 13-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Банктер туралы заңның 8-бабының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалғантәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде,басқа банктің акцияларын сатып алуымен байланысты банктерге қолданылмайды.

Банк холдингінің болмауына байланысты «ЦКБ» АҚ-та Банктер туралы заңның 8-бабының 1 және 4-тармақтары бойынша шектеулердің болуына, сондай-ақ басқа заңды тұлғаларға меншікті капиталдан инвестициялар сомасының асып кетуіне байланысты «ЦКБ» АҚ «Альфа-Банктің» «ЦКБ» АҚ-қақосылуы түрінде кейіннен қайта ұйымдастырыла отырып,Альфа-Банктің акцияларын сатып алу мәмілесін мақұлдау туралы корпоративтік шешімдер қабылдады.

«БЦК» АҚ Директорлар кеңесі Альфа-Банкті «БЦК» АҚ-қа қосу жолымен банктерді қайта ұйымдастыру туралы мәселені акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізу туралы шешім(25.04.2022ж. № 3-0425-01 хаттама)қабылдады, оны 2022 жылғы 20 мамырда өткізу жоспарланып отыр.

Банктер туралы заңның 17-1-бабының 9-тармағына сәйкес мыналар банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуға негіздер болып табылады:

  1. Өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыз болуы.
  2. Өтініш берушінің банк холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы.
  3. Өтініш берушінің банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарының талдауы банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын ұйғарады.
  4. Банктің қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі.

Қазіргі уақытта «БЦК» АҚ147 млрдтеңге мөлшерінде меншікті капиталға және674 млрдтеңге  мөлшерінде өтімділігі жоғары активтерге ие. «БЦК» АҚ Альфа-Банктің қосылуын ескерумен 5 жылдық кезеңге Бизнес-жоспар ұсынды, ол «БЦК» АҚ-тың 5 жылдық кезеңде қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжамайды.  

Заңнаманың талаптарына сәйкес «БЦК» АҚ тарапынан Альфа-Банктің банк холдингінің мәртебесін иеленуіне келісім алуға бас тартуына негіздер жоқ.

Осыған байланысты, Агенттік «БЦК» АҚ-қа Альфа-Банктің банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру туралыоң шешім қабылдады.

2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ ресейлік банк - Альфа-Банкке қатысты санкцияларды аясын кеңейткенін еске сала кетейік. АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) шешімімен банк және оның еншілес ұйымдары, оның ішінде Қазақстанда орналасқандары SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізілді. OFAC Альфа-Банкпен мәмілелерді аяқтау мерзімін 2022 жылғы 6 мамырға дейін белгіледі.

Банк акционерлерінің ауысуыАльфа-БанктіңкейінненАҚШ пен бірқатар басқа елдер енгізгенсанкцияларданшығуына ықпал етеді.

Бұдан басқа, «БЦК» АҚ-тың Альфа-Банктің капиталына кіруі клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшіноны қосымша өтімділікпен қолдауғамүмкіндік береді.

 

Фото Kapital.kz 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz 

Қызмет бағыты