Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қарыз алушылардың борыш жүктемесінің деңгейін шектеу және қарыз алушылардың банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша құқықтарын қорғау мақсатында Басқарманың мынадай қаулыларының жобаларын әзірледі:

– «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы»;

– «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы».

1) Агенттік Басқармасының «Жылдық тиімді сыйақының шекті мөлшерлемесін бекіту туралы» қаулысының жобасында банктер үшін қамтамасыз етілмеген қарыздар, кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша және ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойыншажылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ)шекті мөлшерлемесінжекеайқындау үшін бірыңғай формуланыенгізу көзделген.

Құжат жобасына сәйкес қорландыру құны, кредит тәуекелінің деңгейі мен операциялық шығындар, пайыздық маржа сияқтыэкономикалық факторларғабайланыстыбанктік қарыздар бойынша ЖТСМ шекті мөлшерлерінбелгілеу ұсынылады. Бұл өлшемдер банктердің реттеушілік және өзге де есептерінің біріктірілген деректері негізінде белгілі бір жиілікпен есептелетін болады деп жоспарлануда.

2) «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы Микроқаржылық қызмет туралы заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және 50 АЕК дейінгі сомаға және 45 күнге дейінгі мерзімге5,5%деңгейіндемикрокредиттер бойынша сыйақыныңшекті номиналды мөлшерлемесінбелгілеуді көздейді. Қазір банктер мен МҚҰ-ның кредиттері бойынша ең жоғары шекті жылдық тиімді мөлшерлеме 56%-ды құрайды, бұл ретте онлайн микрокредиттер бойынша 45 күнге дейін және 50 АЕК-тен аспайтын мерзімге25%мөлшерінде шектіноминалды мөлшерлемеқолданылады. Осыған байланысты сыйақының шекті номиналды мөлшерлемесінің ұсынылып отырған мәні банктік қарыздар мен микрокредиттер бойыншаЖТСМ ең жоғары шекті мәндерін біріздендіругемүмкіндік береді.

Агенттік жоғарыда көрсетілген тәсілдерді Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы № 349 бұйрығымен құрылған,Халықтың борыш жүктемесін азайту үшін ұсыныстар әзірлеу жөніндегіжұмыс істейтінжұмыс тобыныңшеңберінде ағымдағы жылғы20 наурыздақаржы нарығына қатысушылардың қарауы және талқылауы үшін ұсынды.

Қазіргі уақытта қаулы жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz

Қызмет бағыты