Міндетті көлік сақтандыру құнын есептеу үшін көрсеткіштер бекітілді

Міндетті көлік сақтандыру құнын есептеу үшін көрсеткіштер бекітілді

2023 жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының 2024 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының № 68 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңымен енгізілген 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті көлік сақтандыру бойынша икемді тариф қалыптастыру жүйесіне көшу жөніндегі өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының мақсаты 2024 жылға арналған таргеттелетін шығындылық мөлшерін 65% деңгейінде және анықтылық факторын 50% деңгейінде бекіту болып табылады. Бұл көрсеткіштер бұдан әрі «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 қаулысына сәйкес міндетті көлік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеуге өңірлік түзету коэффициенттерін айқындау үшін пайдаланылатын болады.

Көрсеткіштерді қолдану 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көзделген.

Қызмет бағыты