Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының (бұдан әрі – Жоба) қабылданғаны туралы хабарлайды.

Жобада:

- зақымдалған көлік құралын қарап-тексеру рәсімін тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету станцияларында қарап-тексеру жүргізуге мүмкіндік жасау арқылы жетілдіру;

- көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін есептеуді тұтынушылармен келісу рәсімін толықтыру;

- сақтандырушының көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін тұтынушыларға таңдауға кемінде екі бағалаушыны ұсынуы;

- тұтынушыларға міндетті автосақтандыру шеңберінде көлік құралына келтірілген зиян мөлшерінің құнын есептеу кезінде сақтандыру омбудсманы және сақтандырушылардың интернет-ресурсында амортизациялық тозу мөлшерін айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- міндетті автосақтандырудың сақтандыру полисінің мазмұнына қойылатын талаптарды сақтанушының және сақтандырылушының жүргізу өтілі туралы және көлік құралының шығарылған күні туралы ақпаратпен толықтыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және сақтандыру ұйымдары қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты