Бағалы қағаздар нарығындағы 2022 жылғы наурыздағы ахуал туралы

Бағалы қағаздар нарығындағы 2022 жылғы наурыздағы ахуал туралы
  •  
  • 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қор нарығында 39 брокер және дилер (16 банк және 22 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 19 инвестициялық портфельді басқарушы,            3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: Орталық контрагент функцияларын атқаратын «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) және «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жұмыс істейді.

    Сыртқы нарықтарда жалғасып отырған геосаяси шиеленіске қарамастан, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығындағыахуал тұрақты болып қалуда.2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының барлық кәсібиқатысушыларыменшікті капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділіккөрсеткіштерінің талап етілетіндеңгейін сақтап отыр.

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE-нің сауда тізімдерінде 147 эмитенттің 161 акциясы және 82 эмитенттің 324 облигациясы болды.

    Наурыздың қорытындысы бойынша KASE индексі 0,4%-ға3 348,63тармаққа дейін төмендеді,  «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ-тың (-5,7%) акциялары көбірек төмендеді.

    Акциялар нарығын капиталдандыру ағымдағы жылғы наурызда листингтелетін компаниялар акциялары құнының ұлғаюы есебінен0,8%-ғанемесе188 млрдтеңгегеұлғайып, 2022 жылғы 1 сәуірдегі  жағдай бойынша23,3 трлнтеңге болды.

    Акциялар сауда-саттығының көлемі қайталама нарықтағы сауда-саттықтың өсу есебінен 2022 жылғы ақпандағы  акциялар сауда-саттығының көлемімен салыстырғанда28,7%-ғаұлғайып, ағымдағы жылғы наурызда13,3 млрдтеңге болды.

     

    Акциялар нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің43,7%-ы, брокерлер мен дилерлердің үлесіне –22,0%, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне –19,0%,өзге заңды тұлғалардың үлесіне –15,2%,банктердің үлесіне -0,1%тиесілі болды.

    KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі облигациялардың жекелеген шығарылымдарының айналыста болу мерзімінің аяқталуына және мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты 2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 1,0%-ға немесе146,0 млрдтеңгеге төмендеп, 2022 жылғы 1 сәуірдегі  жағдай бойынша14,8 трлнтеңге болды.

    KASE-де корпоративтік облигациялар сауда-саттығының көлемі бастапқы нарықта орналастырулардың болмауы және корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен алдыңғы аймен салыстырғанда 58,2 млрд теңгеге дейін 37%-ға азайды.

    Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлігінде заңды тұлғалардың үлесі –77,2%-ды, институционалдық инвесторлардың үлесі –12,5%-ды,  брокер мен дилерлердің үлесі -3,7%-ды, жеке тұлғалардың үлесі –5,8%-ды,  екінші деңгейдегі банктердің үлесі -0,8%-ды құрады.   Бейрезиденттердің үлесі12,9%-ды құрады.

     

    KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген шығарылымдарының өтелуіне және айналыста болу мерзімінің аяқталуына байланысты 01.03.2022ж.  көрсеткішпен салыстырғанда  2,3%-ға немесе395,7 млрдтеңгеге азайып, 2022 жылғы 1 сәуірдегі  жағдай бойынша17,3 трлнтеңге болды.

    КASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі ағымдағы жылғы ақпан айымен салыстырғанда80,1%-ға немесе267 млрдтеңгеге ұлғайып, ағымдағы жылғы наурыздың  қорытындысы бойынша600,2 млрдтеңгені құрады. Ағымдағы жылғы наурызда мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі27,6%-ға немесе58,5 млрдтеңгеге өсіп,270,5 млрдтеңгені құрады. Барлық көлем Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыруға тиесілі.

     

    2021 жылдың үш айында МБҚ қайталама нарығындағы инвесторлардың құрылымында заңды тұлғалардың үлесі54,4%, екінші деңгейдегі банктердің үлесі27,6%,институционалдық инвесторлардың үлесі15,8%, брокер-дилерлердің үлесі –1,6%, жеке тұлғалардың үлесі0,5%болды. Бейрезиденттердің қатысуы9,2%-ға бағаланады.

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында 41 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 18 жабық және 1 ашық.

    Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтердің жиынтық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда36 млрдтеңгеге немесе6,8%-ға азайып, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша       491,2 млрдтеңгені құрады. Бұл азаю бейрезидент-эмитенттердің, сондай-ақ резидент-эмитенттердің бағалы қағаздар портфелінің (32,8 млрд теңгеге немесе 6,9%-ға азаю) құнының төмендеуі есебінен болды. 

    2022 жылғы 1 сәуірде инвестициялық пай қорларының негізгі активі болып бағалы қағаздар портфелі сақталады, ол440,7 млрдтеңгені немесе жиынтық активтердің89,7%-ынқұрайды, бұл ретте портфельдің98,2%-ышетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

    Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мына төрт компанияның сенімгерлік басқаруында: «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы                1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны8,6 млрдтеңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің28,5%-ын құрайды.

     

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық нарықтағы сыртқы тәуекелдердің өсуіне және құбылмалылығына қарамастанҚазақстанның бағалы қағаздар нарығындағы жағдай тұрақты болып қалуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қор нарығыныңжүйелік тәуекелдеріне күшейтілген бақылауды, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының заңнама талаптарын орындау бөлігіндегі орнықтылығына тұрақты бағалауды қамтамасыз етеді.

     

    Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

    +7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz