«Альфа–Банк» ЕБ АҚ-тағы ағымдағы ахуал туралы

«Альфа–Банк» ЕБ АҚ-тағы ағымдағы ахуал туралы

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) Альфа-Банкті SDN тізіміне қосу туралы № 23 Бас лицензиясына сәйкес, санкцияларды енгізудің тікелей күні2022 жылғы 6 мамырболып табылады.

Ағымдағы жылғы 6 мамырға дейін көрсетілген кезең OFAC лицензиясында контрагенттермен салынған санкцияларға байланысты тікелей шектелетін операциялар мен мәмілелерді аяқтау жұмысын жүргізуге банктің уақыты болуы үшін арнайы көзделген. Мұндай операцияларға шетел валютасындағы есеп айырысулар, халықаралық төлем жүйелері арқылы аударымдар, американдық банктердің корреспонденттік шоттарын пайдалану және басқалары жатады.

Барлық қазақстандық банктердің санкцияларды енгізудің тиімді күніне дейін жұмыс істеу және банктің қазақстандық клиенттерінің пайдасына аударымдар жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

6 мамырға дейінгі кезеңде және санкцияларды енгізудің тиімді күнінен кейін «Альфа-Банк Қазақстан» клиенттеріне теңгемен және рубльмен операциялар қолжетімді болады: банкоматтарда қолма-қол ақша алу, теңгемен ақша аудару, коммуналдық қызметтерді, мобильдік байланысты төлеу және қызметтер үшін басқа да төлемдер.

«Альфа-Банк Қазақстан» жеткілікті капитал қоры бар төлем жасауға қабілетті банк болып табылады.Қазіргі уақытта Банктің клиенттер алдындағы міндеттемелері445 млрдтеңгені құрайды, олар480 млрдтеңге сомасындағыжоғары сапалы несие портфелінің, 134 млрдтеңге мөлшеріндегіменшікті капиталжәне негізгі банк ашқан кредиттік желі есебінен өтеледі.

Қазіргі уақытта Банк клиенттік төлемдер мен аударымдарды орындау бойынша бір сәттік өтінімдерге, сондай-ақ клиенттердің қаражатын алуға байланысты өтімділік тапшылығына тап болды.

2022 жылғы 7 сәуірден бастап «Альфа-Банк Қазақстан»  шамамен100 млрдтеңге сомаға клиенттік төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырды. Қаражаттың айтарлықтай әкетілуіне байланысты Банк ұлттық валютадағы клиенттік төлемдер мен аударымдар сомаларынауақытша шектеулеренгізді.

Банк клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындау бойынша ахуалдытұрақтандыру жұмысын жүргізуде.

Қосымша теңгемен өтімділік тарту үшін Банк Қазақстандағы басқа екінші деңгейдегі банктерге несие портфелінің бөлігін сату бойынша шаралар қабылдады. Бұдан басқа,акционерді толық ауыстыруқарастырылуда, ол «Альфа-Банк Қазақстан» банкін санкциялық тізімнен шығаруға әкеледі.

Осылайша, өтімділікті жинақтауға қабілетті банктіңжоғары сапалы несие портфеліжәне реттеушілік талаптардан асатынжеткілікті капиталсалымдарға, кредиттерге қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақша қаражатын қабылдауды және беруді қоса алғанда, Альфа-Банктің клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша таяу уақытта Банк клиенттерінің төлемдері мен аударымдарын орындау жағдайытұрақтандырылып,клиенттер үшін уақытша шектеулералып тасталатын болады.

«Альфа-Банк Қазақстан» сондай-ақдепозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысыболып табылады, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лимиттер шегінде жеке тұлғалар қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді.

Өз тарапынан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктегіахуалға күнделікті бақылауды жүзеге асырадыжәне банк орнықтылығын қолдау және оның салымшыларының мүдделерін қорғау үшінтиісті шаралар қабылдайды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz

Қызмет бағыты