Бейрезиденттердің шоттар ашуына қатысты Қайта оралу

Бейрезиденттердің шоттар ашуына қатысты Қайта оралу

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссия азаматтарына жаппай шоттар ашылып жатыр-мыс деген мәліметтер мен материалдардың жариялануына байланысты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төмендегіні хабарлайды.

2022 жылғы 24 ақпаннан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Белоруссияның резидент-жеке тұлғалары үшін11 940шот ашылған. Оның ішінде10 725шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкінде жеке болуы арқылы,1 215шот қашықтан ашылған. Нәтижесінде, көрсетілген мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоттары бар азаматтарының жалпы саны162мыңға жетті.

Ресей Федерациясының резидент – заңды тұлғаларының жаңа шоттарының саны жыл басынан бері аздап өскен. Ағымдағы жылғы ақпанның соңынан бері банк шоттары7Ресей компаниясына ашылған, Қазақстан банктерінде шоттары бар Ресей ұйымдарының жалпы саны805-кежетті. 

Қазіргі уақытта барлық шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң (КЖТҚҚ) нормаларымен, сондай-ақ Ұлттық Банк пен Агенттіктің реттеушілік талаптарымен реттелген.

Осылайша, Ұлттық Банктің 2016 жылғы 31 тамыздағы №207 қағидаларының талаптарына сәйкес шотты ашу офлайн режимде де, электрондық өтініш арқылыонлайнда жүргізілуі мүмкін.

Банк шотын ашқанға дейін жүгіну тәсіліне қарамастан, банктер шетелдік өтініш берушіге КЖТҚҚ туралы заңда белгіленгенKYC(Know Your Customer)стандарттарыбойыншатиісінше тексеружүргізуге міндетті.

Тиісті тексеру шеңберінде банктер:

  • шетелдік жеке тұлғаны, заңды тұлғаны және оның бенефициарлық меншік иелерінидентификаттауды, оның ішінде алынғанидентификаттаудеректерінің дұрыстығын тексеруді;
  •  іскерлік қатынастардың болжамдымақсатымен сипатын белгілеуді жүргізеді.

Бұдан басқа, Агенттіктің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қағидаларында белгіленген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкес комплаенс тәуекелді басқару мақсатында банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларынакүшейтілген мониторингжүргізуге міндетті.

Күшейтілген мониторинг шеңберінде күдікті мәмілелерді анықтау және тәуекелі жоғары транзакцияларға жол бермеу үшін банктер клиенттің ақшасының шығу көздерін және оның контрагентінің заңды мәртебесін, жүргізілетін операцияның шарттары мен экономикалық мәнінқосымшаталдайды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz

Қызмет бағыты