Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы ақпандағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы– өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері3,5%-ға ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша1,95 трлнтеңге болды.

Активтердің ұлғаюы,  қайта бағалаудан алынған инвестициялық қызметтенсақтандыру сыйлықақыларымен кірістердіңөсуіменбайланысты.

Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің72,7%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі –1,41 трлнтеңге, олар ақпанда 8,3%-ға немесе 1085 млрд теңгеге ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы ақпанда3,8%-ғанемесе43 млрдтеңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша1,19 трлнтеңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы міндеттемелердің құрылымындағы үлесі  барынша  көп -82,6%сақтандыру резервтерінің өсуіесебінен болды. Бір ай ішінде сақтандыру резервтері47,6 млрдтеңгеге немесе982 млрдтеңгеге дейін5%- ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 10% - ға өсу). Сақтандыру резервтерінің өсуі қаңтар оқиғаларымен байланысты мәлімделген зияндардың ұлғаюымен және жасалған сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы ақпанда 3%-ға немесе 22,2 млрд теңгеге ұлғайды және 760 млрдтеңге болды.

Сақтандыру секторының қайта бағалаудан алынған сақтандыру және инвестициялық  қызметтен түскен кірістерден алған таза пайдасы 2022 жылғы ақпанда32,6 млрдтеңге болды.

2022 жылғы 2 айда жеке және заңды тұлғалар бойынша1 547 730  сақтандыру шарты жасалды, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда11,3%-ға көп. Бұл өсім, негізінен, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойыншажасалған шарттар санының71,2%-ғанемесе 82 870 -ға және ауру жағдайында сақтандырудың2,3 есенемесе47 354-кеұлғаюымен байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 2 айда138,6млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,8 млрд теңгеге немесе1,3%-ға көп.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бастап19,9 млрдтеңге жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд теңгеге немесе9,6%-ғаартық. Ұлғаю, негізінен,қызметкердіеңбек міндеттерін атқарған кездеоны жазатайым оқиғалардан сақтандыруесебінен1 млрдтеңгеге немесе 17,6%-ға болды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша 2022 жылғы 2 айда -46,3 млрд теңгеніқұрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 7,9 млрд теңгеге немесе14,6%-ғааз. Төмендеу, ең алдымен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойыншасақтандыру сыйлықақылары жинағының79%-ға немесе 15,5 млрд теңгегеазаюынабайланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары72,3 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 млрд теңгеге немесе12,5%-ғакөп. Бұлмүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың6,6%-ға немесе 3 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша2 есенемесе 4 млрд теңгеге өсуімен байланысты.

2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында сақтандыру төлемдерінің көлемі21,5 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда24,6%-ғаартық. Барлығы136 799төлем жүзеге асырылды.

2022 жылғы ақпанда қаңтар оқиғаларының қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдары141 млнтеңге жалпы сомаға төлемдер жасады.

Қазіргі уақытта төлемдер тек террорлық әрекеттер нәтижесінде келтірілген залалды сақтандыру арқылы өтеу көзделген шарттар бойынша жалғасуда. Сақтандырушылар залалды бағалау жүргізгеннен кейін төлемдерге өтініш беруді жалғастыруда.

Сонымен қатар, сақтандыру ұйымдары қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге қолдау көрсету шараларын өткізді. Мысалы, Қазақстан аумағынан тыс жерлердегі туристердің сақтандыру шарттарының қолданыс мерзімін ұзартты, және басталған сақтандыру жағдайлары бойынша құжаттар қабылдап, орын алған оқиғалардың сақтандырумен өтелмейтініне қарамастан, бірқатар шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғалар үшін төлемдер жүргізді.

Сақтандыру ұйымдары қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің 19 отбасына әлеуметтік көмек көрсетті, оның аясында әрбір балаға кәмелеттік жасқа толғанға дейін ай сайын сақтандыру ұйымының есебінен 200 мың теңгеге жуық төлемдерді қарастыратын сақтандыру өнімі ұсынылды.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты