Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – агенттік) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына өзгерістер енгізу туралы"Агенттік Басқармасының қаулысының(бұдан әрі – қаулы) жобасын әзірледі.
Қаулы астық қолхаттары есебінен кепілдің қатты түрлерін кеңейтуді, бланкілік қарыздар бойынша бір қарыз алушыға ең жоғары тәуекел нормативі бойынша әлсіретуді, банктерді резидент .стер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициентін әлсіретуді, мерзімді депозиттердің тұрақты қалдықтарын тану критерийлерін кеңейтуді, банк қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін әлсіретуді көздейді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14808466 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің "нормативтік құқықтық база"бөліміндегі ресми интернет-ресурсында.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz