ҚР бейрезидент-заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы жоба

ҚР бейрезидент-заңды тұлғалары үшін ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің болуы жөніндегі талаптарға өзгеріс енгізу туралы жоба

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)  «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жобада Агенттіктің банк холдингі мәртебесін алуға келісімін алған кезде аталған банктің банк холдингі мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының акцияларына иелік ету арқылы банктің  акцияларын жанама иеленетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғаларына ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің болуы жөніндегі талаптарды қолданбау көзделеді.

Қаулыда, сонымен қатар ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі жоқ заңды тұлғалар үшін ең аз талаптар көзделеді.

Аталған түзетулер қаржы нарығына ең төменгі рейтингі жоқ, бірақ қаржылық орнықтылық өлшемшарттарына сәйкес келетін жаңа инвесторларды тартуға ықпал ететін болады.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14662995

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 2371089, press@finreg.kz