Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері туралы

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға  қарсы іс-қимыл мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 96 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы № 158 қаулысын қабылдады.

Қаулы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қылмыстық жолмен алған кірістерді заңдастыру (жылыстату) тұрғысынан қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу жөніндегі клиенттердің операцияларын мониторингтеу және талдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін тиісті тексеру жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қабылданды.

1. Шоттарды ашу кезінде бейрезиденттерді және электрондық резиденттерді сәйкестендіруге және тексеруге қойылатын талаптарды белгілеу.

Қазақстан Республикасының бейрезидентіне немесе электрондық резидентке шот ашқан кезде ұйым:

клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге;

биометриялық аутентификациялауды жүргізуге;

- тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, растайтын құжаттар негізінде клиентті тиісті тексеруді жүзеге асыруға тиіс

2. Ірі валюталық-конверсиялық операцияларды бақылауды күшейту.

Қолма қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялардың міндетті мониторингі бір операциялық күнде мынадай шектерден асқан кезде енгізіледі:

жеке тұлғалар үшін 3 млн АҚШ доллары;

заңды тұлғалар үшін 10 млн АҚШ доллары.

Шетел валютасын сатып алуға өтінімдерді орындау тәртібін айқындау кезінде клиенттің операциялық күн ішінде тиісті операцияларының жиынтық көлемі ескеріледі. Белгіленген мәндерге қол жеткізілген жағдайларда жүргізілетін операциялардың сипатын, шетел валютасын сатып алу мақсаттарын, клиенттің мәртебесін және жүргізілген тиісті тексеру рәсімдерінің нәтижелерін ескере отырып, кейінгі өтінімдерді алдын ала беру тәртібі қолданылады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты