Клиенттердің екінші деңгейдегі банктердегі салымдарына қатысты ахуал туралы

Клиенттердің екінші деңгейдегі банктердегі салымдарына қатысты ахуал туралы

 

24.02.2022 - 11.03.2022 жж. кезеңдегі жағдай бойынша

Сыртқы экономикалық ахуалдың ушығуы және соның артынша Ресейдің жекелеген банктеріне қатысты санкциялардың қабылдануы Қазақстанның банк секторына жанама әсерін тигізуде.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сыртқы макроэкономикалық тәуекелдердің банк секторының тұрақтылығына салдарын жою үшін жүйелік шаралар қабылдауда.

Ресейдің бірқатар банктеріне қатысты енгізілген санкциялар олардың Қазақстанда жұмыс істеп жатқан еншілес банктеріне ықпалын тигізді. Алайда санкциялар мен шектеулерҚазақстан банктерінің қызметінежәне тұтастай алғандабанк секторынаәсер етпеді. 

2022 жылғы 24 ақпаннан бастап екінші деңгейдегі банктер клиенттерінің салымдары586 млрдтеңгеге немесе 2,2%-ға ұлғайып,26,8 трлнтеңге болды. Бұл ретте жеке тұлғалар салымдарының үлесі51,4%-дынемесе13,9 трлнтеңгені, заңды тұлғалардың салымдарының үлесі -48,6%-дынемесе13,1 трлнтеңгені құрайды.

Клиенттердің шетел валютасындағы салымдарының үлесі банктердегі барлық салымның 39,5%-нан41,9%-надейін ұлғайды, бұл теңгенің шетел валюталарына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі аясында шетел валютасындағы салымдарды қайта бағалауға байланысты.

Тұтастай алғанда, банк клиенттері салымдарының өсуіелдің банк секторынан депозиттердің әкетілмей жатқанын білдіреді. ҚР заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. 2022 жылғы қаңтарда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігімен депозиттерді кепілдендірудің шекті сомалары20 млнтеңгеге дейін ұлғайтылды.

Агенттік банктер клиенттерінің алдындағы міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін банктердің қаржылық жағдайын бақылауды үздіксіз жүзеге асырады.

 

Агенттіктің сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90, email: press@finreg.kz

Қызмет бағыты