Қаржы нарығын реттеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны нақтылау туралы

Қаржы нарығын реттеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны нақтылау туралы

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қаржы нарығын реттеуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі терминологияны нақтылау туралы

 

2026 жылғы 13 қазан

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» №134 қаулыны қабылдады.

Қаулы жекелеген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелеріне сәйкес келтіруді көздейді.

Қаулыға сәйкес қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминология Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіріледі. Атап айтқанда, тенге» сөзін «теңге» сөзіне, «заңнамалық актілер» сөздерін «заңдар» сөзіне, «шетелдік» сөзін «шетел азаматы» сөздеріне ауыстырылады.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты