Кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі рәсімдерді күшейту туралы

Кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі рәсімдерді күшейту туралы

Кепілдермен жұмыстағы орын алып отырған кемшіліктерді кешенді қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) кепілмен қамтамасыз етумен жұмыс жүргізудіңбірыңғай қағидаттарымен рәсімдерін белгілеуді жоспарлап отыр, олар банктердің кепілдермен жұмыс жүргізу жөніндегі ішкі саясаттары мен рәсімдеріне қойылатынталаптарды күшейтугежәне қаржылық қызметтерді тұтынушылар үшін даулы және проблемалық жағдайлардың туындаутәуекелдерін азайтуғамүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде Агенттік Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларынабанктердің кепілдермен жұмыс істеуі бөлігіндеөзгерістер мен толықтырулардыңқосымша топтамасынәзірледі.  

Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар банктердің жекелеген қызметкерлері және бағалау компаниялары тарапынан кепілдермен жұмыс істеу кезінде асыра сілтеуге жол бермеу үшін бақылау тетіктерін күшейтуге бағытталатын болады.

Банктердің кепілмен қамтамасыз етулермен жұмыс істеу жөніндегі ішкі саясаттарының және рәсімдерінің сапасымен байланысты тәуекелдер қадағалау практикасының, сондай-ақ AQR нәтижелерінің негізінде анықталғанын атап өткен жөн. Банктердің кредит тәуекелінің ұлғаюына әкеп соққан, кепілді бағалаудадұрыс емес тәсілдердіқолдану жағдайлары осындай мысалдардың бірі болып табылады.   

Осы бағыт шеңберінде 2021 жылдың соңында Агенттік Жоғарғы Сотпен, Әділет министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жылжымайтын мүлік ипотекасы жәнекепіл мүлкімен жұмыс жүргізумәселелерін реттейтін заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге деөзгерістеренгізген болатын.    

Ұсынылып отырған өзгерістер жобасы қазіргі кезде мүдделі тараптармен талқылау процесінен өтуде және жақын уақытта жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 727 237 1089,press@finreg.kz