Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуді жетілдіру туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді.

Жоба жекелеген нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне сәйкес келтіруге бағытталған.

Сонымен қатар, құжатта микрокредиттер беру және коллекторлық қызмет салаларындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметі қағидаларында қолданылатын терминологияны өзектендіру көзделеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты