Зейнетақы аннуитеті жасасу және орындау тәртібін жетілдіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы
7 маусымдағы №45 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 131 қаулыны қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды.
Құжат зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасу және орындау тәртібін жетілдіруге бағытталған.
Зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаның, ал ол болмаған кезде – мұрагерлердің сақтанушының және (немесе) сақтандырылған тұлғаның тірі кезінде төленбеген не толық көлемде төленбеген кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін біржолғы тәртіппен алуға құқығы көзделген. Бұрын мұндай төлемдер тек белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылған.
Бұдан басқа, қаулыда сақтандыру ұйымдарының арасында ақпаратпен алмасу Бірыңғай сақтандыру дерекқоры арқылы электрондық форматқа ауыстырылған кезде зейнетақы аннуитеті шартының қағаз данасын беру туралы талап жойылды.
Сондай-ақ, құжатта зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған кезде өз қаражаты есебінен сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу тәртібін, пайда алушыны ауыстыру кезінде шартқа өзгерістер енгізу тәртібі (егер ол сақтандырылған тұлға болып табылмаса) және де сақтандыру шарттарына әсер етпейтін дербес деректерді өзектендіру тәртібін нақтылайды.
Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы