О вопросах деятельности профессиональных участников рынка ценных бумаг

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.
Жобада мыналар көзделеді:
- нақты өлшемшарттарды (баға, шығыстар, орындау жылдамдығы, ықтималдығы), Бұйрықтарды ең тиімді орындау саясатын әзірлеу және жариялауды, сондай-ақ клиенттің келісімін алу міндетін белгілей отырып, брокерлер мен дилерлер үшін «ең тиімді орындау» институтын (Best Execution) енгізу, бұл MiFID II халықаралық стандарттарына сәйкес келеді;
- клиенттерге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде олардың қаржы құралдарын есепке алу тәртібін таңдау құқығын (клиенттің атына жеке қосалқы шот аша отырып не деректемелерді ашпай бірегей кодты пайдалана отырып не біріктірілген қосалқы шотта), сондай-ақ брокерлік шарттың қолданылу мерзімі ішінде осындай тәртіпті өзгерту мүмкіндігін беру;
- базалық активі қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер болып табылатын қаржы құралдарының айналысына тыйым салуды алып тастау арқылы ұйымдастырылған нарықта айналысқа жіберілетін қаржы құралдарының тізбесін кеңейту, бұл ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда ерекше реттеу режимі шеңберінде осындай құралдармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді;
- брокерлердің/дилерлердің деректерді ұсыну тәртібін, ақпаратты сақтау мерзімдерін (5 жыл) және мәміле тараптары туралы мәліметтерді қоса алғанда, реттеушілердің толық дерекқорға қолжетімділігін белгілей отырып, ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің бағалары туралы ақпаратты қалыптастыруды, жүргізуді және ашуды қоса алғанда, орталық депозитарийге биржадан тыс мәмілелердің бағаларын ашу жүйесі операторының функцияларын жүктеу;
- қаржы құралының өтімділігі мен мәміле мөлшерін негізге ала отырып, осындай шекті және кешіктіру мерзімін орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындай отырып, көлемі шекті мәннен асатын ірі биржадан тыс мәмілелер туралы ақпаратты кейінге қалдырылған (кідірумен) ашу тетігін белгілеу, бұл MiFIR тәсілдеріне сәйкес келеді және маркет-мейкерлердің мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қолданыстағы нормаларды «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ анықталған құқықтық олқылықтарды жою және құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша редакциялық өзгерістер енгізу көзделеді.
Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
press@finreg.kz