Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2022 жылғы 1 ақпандағы жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында27сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы– өмірді сақтандыру бойынша. 2022 жылғы қаңтарда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері3%-ға ұлғайды (және 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша1,88 трлнтеңге болды). Активтердің ұлғаюы,  негізінен ірі сақтандыру шарттарын жасауға негізделген.

Активтердің құрылымында ең көп үлес (жиынтық активтердің69,4%-ы) бағалы қағаздарға тиесілі –1,31 трлнтеңге, олар қаңтарда 0,9%-ға немесе 11,5 млрд теңгеге азайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы қаңтарда5,3%-ғанемесе58,1 млрдтеңгеге ұлғайды және 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша1,1 трлнтеңге болды. Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, сақтандыру резервтерінің өсуінен болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы қаңтарда 0,5%-ға азайып, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша737 млрдтеңге болды.

Сақтандыру секторының, негізінен, сақтандыру қызметінен түскен кірістерден алған таза пайдасы 2022 жылғы қаңтарда6,9 млрдтеңге болды.

2022 жылғы қаңтарда жеке және заңды тұлғалар бойынша695 832 сақтандыру шарты жасалды, бұл 2021 жылғы қаңтармен  салыстырғанда3,4%-ға көп. Бұл өсім, негізінен, жасалған жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары санының2 есеге немесе 47 124-кеұлғаюымен байланысты.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы қаңтарда85,9 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда 1,6 млрд теңгеге немесе 2,0%-ға көп.

Міндетті сақтандыру бойынша 2022 жылғы қаңтарда қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі10,6 млрдтеңгені құрады, бұл негізінен қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың   13%-ға ұлғаюы есебінен 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 262 млн теңгеге немесе 2,5%-ға көп.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша 2022 жылғы қаңтарда қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі21,1 млрдтеңгені құрады, бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге немесе 16,8%-ға аз.  Төмендеу зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 75,4%-ға немесе 6,6 млрд теңгеге азаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы қаңтарда54,2 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,7 млрд теңгеге немесе 11,7%-ға көп. Бұл негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылардың 11,5%-ға немесе 4,5 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 2,1 есе немесе 2 млрд теңгеге өсуімен байланысты.

Сақтандыру төлемдерінің көлемі 2022 жылғы қаңтарда9 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтарға қарағанда14,5%-ға көп. Барлығы 67 164төлем жүзеге асырылды.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90,email:press@finreg.kz