Қаржы нарығын реттеу мәселелері туралы

Қаржы нарығын реттеу мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 7 қыркүйектегі №126 қаулыны қабылдады.

Қаулы «Жоғары білікті мамандарды, шетелдік инвесторларды және кәсіпкерлерді тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында көші-қон саясатын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының 2026 жылғы 25 сәуірдегі №1242 Жарлығын іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы банктердің клиенттердің операцияларын мониторингтеу, зерделеу және талдау, Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне банктік шоттар ашу рәсімдерін оңтайландыру кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануы бойынша редакциялық түзетулерді көздейді.

Сонымен қатар, құжат банктік шот ашу кезінде іскерлік қатынастар қашықтан орнатылған жағдайда клиенттерді биометриялық аутентификациялау шеңберінде Ұлттық Банктің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының рөлін нақтылайды.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты