Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы
Қазақстан халқының тілдері күніне және қазақ халқының ұлы ұстазы, ағартушы, ғалым, ақын, түркітанушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының кезекті отырысы өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ассистент-профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Советхан Тілеубаев Агенттік қызметкерлері үшін «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» деген тақырыпта дәріс-сабақ өткізді.
Дәріс барысында лектор Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы, қазақ тіл білімі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі, ағартушылық қызметі және ғылыми еңбектері туралы жан-жақты мағлұмат берді.
Ұлт ұстазының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі мен рухани мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызына ерекше назар аударылды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы