Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша  өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы клирингтік және депозитарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің терминологиясын Қазақстан Республикасының жаңа Цифрлық кодексіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Өзгерістермен терминдерді ауыстыру, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың міндеттемелерін орындамауды реттеу кезінде клирингтік ұйымның кепілдік қорының қаражатын пайдалану тәртібін нақтылау көзделеді.

Бұл өзгерістер құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз ете отырып, қолданыстағы заңға тәуелді актілер мен Цифрлық кодекстің нормалары арасындағы терминологиялық сәйкессіздіктерді жояды.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz