2022 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанның микроқаржыландыру нарығының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қаңтарға микроқаржылық қызметті жүзеге асыратынұйымдардың(бұдан әрі – МҚҚЖҰ) активтері 2021 жылғы 4-тоқсанда2,1%-ға (2021 жылы – 28,1%) ұлғайып,1 57 трлнтеңгені құрады. 

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің басым бөлігі микроқаржы ұйымдарына –815,3 млрдтеңге немесе51,9%, кредиттік серіктестіктерге – 543,4 млрд теңге немесе 34,6%, ломбардтарға - 211,9 млрд теңге немесе 13,5% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ның жиынтық міндеттемелері 2021 жылғы 4-тоқсанда 5,8%-ға ұлғайып (2021 жылы 31,4%-ға өсу),1 трлнтеңгені құрады. Жиынтық міндеттемелердің негізгі үлесін алынған қарыздар81,5%немесе817,1 млрдтеңге құрайды.

Микроқаржы секторының жиынтық меншікті капиталы567,6 млрдтеңгені құрады және негізінен жарғылық капитал мен бөлінбеген пайдадан қалыптасты. 4-тоқсанда МҚҚЖҰ-ның меншікті капиталы 3,7%-ға немесе 22,1 млрд теңгеге азайды (2021 жылы  22,8%-ға өсу).

МҚҚЖҰ-ның жиынтық несие портфелі 2021 жылғы 4-тоқсанда
 54,3 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға артып (2021 жылы өсу – 33,3%),
1 37 трлнтеңгені құрады. Айтарлықтай ұлғаю  сектордың барлық сегменттерінде жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуіне байланысты болды.

МҚҚЖҰ қарыздарының негізгі үлесі 2021 жылғы 4-тоқсанда 16,9%-ға (2021 жылғы өсім 70,3%) ұлғайған микроқаржы ұйымдарына тиесілі - 54,1% немесе743,3 млрдтеңге. 

Кредиттік серіктестіктердің қарыздары 4-тоқсанда 9,1%-ға азайып (2021 жылғы өсім 3,6%), МҚҚЖҰ қарыздарының 36,3%-ын немесе499 млрдтеңгені құрады.

Ломбардтардың үлесіне 2021 жылғы 4-тоқсанда 2,6%-ға (2021 жылы өсу - 16,7%) азайған МҚҚЖҰ қарыздарының 9,6%-ы немесе131,7 млрдтеңге тиесілі.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МҚҚЖҰ-ның жеке тұлғаларға берген қарыздар 2021 жылғы 4-тоқсанда 9,5%-ға (2021 жылы 50%-ға өсу) ұлғайып,1,03 трлнтеңгені құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар5,1%-ға 0,33 трлн теңгеге дейін өсті (2021 жылы 26,2%-ға өсу). 

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2021 жылғы 4-тоқсанда 9,3%-ға 0,34 трлн теңгеге дейін азайды (2021 жылғы төмендеу - 0,1%).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі4,5%-ды құрады (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 5,8%-ды (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 4,8%), тұлғалардың портфелінде – 0,7%-ды (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 0,7%) құрады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-90,email:press@finreg.kz