Банктерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу туралы

Банктерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктердің, Қазақстан Республикасындағы бейрезидент-банктер филиалдарының және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің болуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы туралы ақпаратты Ақпараттық қауіпсіздікті үйлестірудің ұлттық орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық және мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының терминологиясына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Қаулының жобасына «ақпараттық қауіпсіздік» ұғымдық аппаратын «қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік» және т. б. ауыстыруға қатысты редакциялық сипаттағы өзгерістер көзделеді.

Жобада жаңа реттеушілік талаптар қамтылмаған және қолданыстағы редакциямен салыстырғанда өзгерістер көзделмеген. Енгізілген түзетулер редакциялық сипатта.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында  танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz