Агенттіктің банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметі мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Агенттіктің банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметі мәселелері бойынша қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 25 тамызда «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларына банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының уақытша әкімшіліктерінің және тарату комиссияларының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» № 123 қаулыны қабылдады.

Қаулысының мақсаты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссияларының қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминологияны 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасына Цифрлық кодексі және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 6 қыркүйектегі № 984 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесі мен құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерін, соның ішінде мәжбүрлі тарату процесіндегі екінші деңгейлі банктерді іске асыру шеңберінен тыс клиенттеріне операциялық банктік қызметтерді алып тастау.

 

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты