О внесении редакционных изменений в Требования к обеспечению информационной безопасности банков

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының терминологиясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасында «ақпараттық қауіпсіздік» деген ұғымдар аппаратын «қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік» деген ұғымдар аппаратына ауыстыру бөлігінде редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі.
Жоба жаңа реттеушілік талаптарды қамтымайды және қолданыстағы редакциямен салыстырғанда өзгерістер енгізуді көздемейді. Түзетулер редакциялық сипатта.
Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы