Банктердің осалдықтар туралы ақпарат беру қағидаларына редакциялық өзгерістер енгізу туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 37 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының терминологиясына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасына «ақпараттық қауіпсіздік» деген ұғымдық аппаратты «қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде киберқауіпсіздік» деген ұғымдық аппаратқа ауыстыру бөлігінде редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізіледі.
Жобада жаңа реттеушілік талаптар жоқ және қолданыстағы редакциямен салыстырғанда өзгерістер енгізуді көздемейді. Түзетулер редакциялық сипатқа ие.
Толық мәтінмен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы