Орталық контрагенттің тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар туралы

Орталық контрагенттің тәуекелдерін басқаруға қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» жаңа Заңының 1-бабының 26) және 27) тармақшаларын және Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1-бабы 13-тармағының 13) және 14) тармақшаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ орталық контрагенттің тәуекелдерін мониторингілеу, бақылау және басқару шарттары мен тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Өзгерістер терминологияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіруге, сондай-ақ қор биржасының сауда жүйесінде және (немесе) ұйымдастырылмаған нарықта жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады. 

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz