Жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидалары туралы

Жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидалары туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы «12» тамыздағы № 121 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы «13» тамыздағы № 100 бірлескен қаулысын қабылдады.

Қаулы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 17-1-бабы 2-тармағының төртінші бөлігін іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжатта жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібі, сондай-ақ осындай мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингтеу тәртібі белгіленеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттік сайтында танысуға болады. 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты