Киберқауіпсіздіктің жай-күйін бағалау бойынша іс-шаралар өткізу ережелері туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қаржы ұйымдарының киберқауіпсіздік жай-күйін және қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің, оның ішінде киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды бағалау жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Жоба қаржы секторындағы, соның ішінде киберқауіпсіздіктегі ақпараттық қауіпсіздік талаптарының ресми сақталуын бағалаудан банктердің кибероқиғаларға төтеп беруге, оларға тиімді жауап беруге және маңызды бизнес-процестерді қалпына келтіруді қамтамасыз етуге нақты дайындығын тексеруге көшуді мақсат етеді.
Қаулының жобасы туралы ақпаратпен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Қызмет бағыты