Кредиттік рейтингтік агенттікке бақылаудың болуы жағдайын айқындау туралы

Кредиттік рейтингтік агенттікке бақылаудың болуы жағдайын айқындау туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы «Бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп кредиттік рейтингтік агенттіктің шешімдерін басқаша түрде айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу туралы» қаулының жобасын әзірледі.

Жоба «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 2) тармақшасын іске асыру үшін әзірленді.

Жобада заңды тұлғаның кредиттік рейтингтік агенттіктің шешімдерін қабылдауға ықпал ету мүмкіндігі бар деп есептелетін жағдайды айқындау көзделеді.

Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Қызмет бағыты