Актуарийлерді оқыту мен біліктілікке қойылатын талаптарды жетілдіру туралы

Актуарийлерді оқыту мен біліктілікке қойылатын талаптарды жетілдіру туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысына актуарлық қызмет және сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын әзірледі.

Құжат халықаралық тәжірибені ескере отырып, актуарийлерді даярлауға, лицензиялауға және олардың біліктілігін растауға қойылатын талаптарды жетілдіруге бағытталған, оның ішінде міндетті оқытудың ең төменгі бағдарламасын қайта қарау, жекелеген халықаралық актуарлық біліктіліктер мен шетелдік білім беру бағдарламаларын тану, сондай-ақ актуарийлердің біліктілігін растау кезінде ескерілетін іс-шаралар тізбесін кеңейту көзделеді.

Сондай-ақ, сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданылатын сақтандыру өмірі шарттары бойынша тиімді жылдық пайыздық мөлшерлеменің шекті мәндерін алып тастауды, резервтік базисті қалыптастыруға қойылатын қолданыстағы талаптар мен консервативтілік қағидатын ескеруді көздейді.

Бұдан басқа, банктермен, төлем ұйымдарымен және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатар, міндетті және міндеттелген сақтандыру шарттарын жасасу кезінде төлемдерді жүргізгені үшін маркетплейстері комиссия алуға құқылы тұлғалар тізбесіне сақтандыру брокерін енгізу көзделеді.

Құжаттың толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Қызмет бағыты