Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктің өміршеңдігін бағалауды жүргізу қағидаларын, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне елеулі теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, жүзеге асырылуының үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ банк залал шегетін нарықтық емес талаптарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын әзірледі.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 91-бабы 3-тармағының бірінші бөлігін іске асыру мақсатында әзірленді.
Қаулы банктің өміршеңдігін бағалауды жүргізу тәртібін белгілеуге, оның ішінде жүйелі тәуекелдерді анықтау тәсілдерін айқындауға, банк жүйесіне теріс әсер ету тәуекелін бағалауға және олардың үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды функцияларды айқындауға бағытталған.
Қаулының мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Управление внешних коммуникаций
press@finreg.kz