Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлау белгілерінің мәндерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржы-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін бекіту туралы» 2026 жылғы 7 тамыздағы №119 қаулыны қабылдады.
Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды іске асыру мақсатында қабылданды.
Қаулыда банктің және бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде белгіленетін банктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) қаржылық-экономикалық және өзге де нашарлау белгілері айқындалады. Көрсетілген белгілердің болуы мынадай режимдердің бірін қолдану үшін негіз болып табылады: күшейтілген қадағалау режимі, қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимі және реттеу режимі.
Сандық көрсеткіштер және олардың шекті мәндері тәуекелдердің келесі санаттары бойынша топтастырылған: капиталдың жеткіліктілігі, кредиттік және валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі, кірістілік және рейтингтік бағалау.
Корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктерді, есептілікті бұрмалауды, міндеттемелерді орындамауды, сондай-ақ қадағалау шараларын орындамауды қоса алғанда, қаржылық орнықтылықтың нашарлауының сапалық белгілері белгіленеді.
Қаулыда ислам банктерін, микроқаржы ұйымдарынан айналдыру жолымен құрылған банктерді және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын банктерді қоса алғанда, банктердің жекелеген санаттары үшін қаржылық орнықтылықтың нашарлау белгілерін бағалаудың ерекшеліктері көзделген.
Құжат мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы