Банктердің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар туралы

Банктердің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 108 «Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 88-бабы 4-тармағының екінші бөлігін іске асыру мақсатында әзірленді. Аталған нормаға сәйкес банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну қағидалары мен мерзімдерін айқындау көзделген.

Қаулымен банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ оны уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдері белгіленеді.

Құжаттың мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты