Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Қаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу, сондай-ақ «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 127 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Агенттік Басқармасының № 112 қаулысын қабылдады.
Қаулыда ұлттық почта операторы үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін белгілеу, ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін және өз акцияларын сатып алу шарттарын нақтылау көзделеді.
Құжаттың мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы