Қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде қазақстандық рейтингтік агенттіктің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының «Қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде қазақстандық рейтингтік агенттіктің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті, оның ішінде қазақстандық рейтингтік агенттіктің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Құжатта қаржы саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде ақпаратты қорғауға, цифрлық жүйелердің орнықтылығын арттыруға және кибертәуекелдерді төмендетуге бағытталған қазақстандық рейтингтік агенттіктердің киберқауіпсіздігіне қойылатын негізгі ұйымдастырушылық және техникалық талаптар айқындалады.
Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Управление внешних коммуникаций