Зейнетақы аннуитеттері туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасу тәртібі және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Жобаның негізгі мақсаты – Бірыңғай сақтандыру дерекқоры арқылы сақтандыру ұйымдары және (немесе) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ арасында электрондық деректермен алмасуды енгізу есебінен сақтанушының бір сақтандыру ұйымынан екіншісіне ауысу рәсімін оңайлату.
Жобада нормативтік құқықтық актінің жекелеген ережелерін оларды қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ электрондық құжат айналымына, дербес деректерді қорғауға және қаржылық қызметтер көрсету процестерін цифрландыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтіру мақсатында жаңарту көзделеді.
Құжат мәтінімен «Ашық НҚА» порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15884317) және Агенттіктің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/1048246?lang=kk) танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы