Қазақстан Республикасында кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасында кредиттік рейтингтік  қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасында кредиттік рейтингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қағидалар рейтингтік қызметтің жалпы ережелерін, ұйымдастыру және рейтингтер беру туралы шешімдер қабылдау тәртібін, рейтингтік комитеттердің жұмысын, рейтингтік талдаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, мүдделер қақтығысын басқаруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ әдіснамаларды бекіту мен қайта қарауды, жетекші талдаушыларды ротациялауды және қызмет туралы ақпаратты ашуды қоса алғанда, өзге де талаптарды регламенттейді.

Құжат рейтингтік қызметтің сапасын, тәуелсіздігі мен ашықтығын арттыруға, мүдделер қақтығысын болдырмауға және рейтингтерге деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz