Кредиттік рейтингтік агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Кредиттік рейтингтік агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Кредиттік рейтингтік агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.

Қағидалар кредиттік рейтингтік агенттіктерге мынадай шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібін егжей-тегжейлі регламенттейді.

  • Қағидалар орындалуы міндетті түзету шараларын қамтитын жазбаша нұсқама енгізуді көздейді және агенттіктен Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуды талап етуі мүмкін (мерзімі – кемінде 15 жұмыс күні).
  • Жазбаша ескертуді қолдану көзделеді, ол ұқсас бұзушылықтар анықталған кезде (12 ай ішінде екі және одан да көп рет) шығарылады және санкциялардың қолданылуы мүмкін екендігі туралы хабарлайды.
  • Уәкілетті орган мен кредиттік рейтингтік агенттік арасында анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы және осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін бекіту туралы жазбаша келісім жасасу көзделеді, бұл неғұрлым қатаң шараларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Агенттікке тәуелді емес дәлелді себептер бойынша талаптарды орындау мерзімдерін (6 айға дейін) ұзарту мүмкіндігі енгізіледі.

Құжат сонымен бірге көрсетілген шаралардың қолданысын ҚР заңнамасына сәйкес танылған халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерге таратады.

Қағидаларды бекіту қадағалаудың тиімділігін арттырады, кредиттік рейтингтік агенттіктерге шектеулі ықпал ету шараларын қолданудың ашық тәртібін белгілейді, кредиттік рейтингтерді пайдаланушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және кредиттік рейтингтік агенттіктердің жауапкершілігін күшейтеді.

Құжат мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz