Шетелдік рейтингтік агенттіктер үшін өлшемшарттарды бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Шетелдік рейтингтік агенттік сәйкес келетін объективтілік және тәуелсіздік, ақпаратты жария ету, рейтингтер сенімділігі өлшемшарттарын бекіту туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірледі.
Қаулы жобасына сәйкес шетелдік рейтингтік агенттіктер үшін объективтілік және тәуелсіздік өлшемшарттары белгіленеді: мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың болмауы; рейтинг берілетін тұлғалармен үлестес болмауы; талдаушылардың тәуелсіздігі; ішкі аудит қызметінің болуы; директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің болуы; акционерлердің үлесіне шектеулер; ақпаратты қорғау бйыншаі ішкі рәсімдер. Сондай-ақ ақпаратты ашу өлшемшарттары көзделеді: әдіснаманың интернет-ресурсында, өткен жылдағы кредиттік рейтингтердің тізімін, сондай-ақ түсімдер үлесі 5% және одан көп адамдарды жариялау.
Сонымен қатар, рейтингтердің сенімділік өлшемшарттары белгіленеді: қызметті соңғы бес жылдан кем емес тұрақты негізде жүзеге асыру; рейтингтер берілген ұйымдар санына қойылатын талаптар; персоналдың біліктілігі; рейтинг комитетінің құрамына қойылатын талаптар; рейтингтерді жыл сайын жаңарту.
Бұл шаралар «Кредиттік рейтингтік қызмет туралы» Заңның талаптарын іске асыру және шетелдік рейтингтік агенттіктердің қызметіне қойылатын талаптарды нақтылау мақсатында қабылданады. Нақты өлшемшарттар сенімді ұйымдарды нарыққа жіберуге бағытталған, бұл өз кезегінде инвесторлар мен рейтинг пайдаланушыларының қауіпсіздігін күшейтеді.
Құжаттың мәтінімен «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің сайтында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы