Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы

Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулыларының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада практикалық өзектілігін жоғалтқан жекелеген нормативтік құқықтық актілер мен олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану көзделеді.

Жобаның мәтінімен нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында және Агенттік сайтынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz