Банк қызметін пруденциалық реттеуді өзектендіру және жетілдіру туралы

Банк қызметін пруденциалық реттеуді өзектендіру және жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) әзірледі.

Қаулы жобасында банк қызметін пруденциялық реттеуді өзектендіру және жетілдіру, қайталанатын және өзектілігін жоғалтқан талаптарды жою, жекелеген пруденциялық талаптардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыру, исламдық қаржыландыру мен цифрлық қаржы құралдарын дамыту, сондай-ақ жекелеген талаптарды ҚР заңнамасына сәйкес келтіру көзделеді.

Қаулы жобасының мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми сайтынан танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты