Қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификациясын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификациясын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификациялау жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификациялау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №99 қаулыны қабылдады.

Қазіргі уақытта қаржы және төлем ұйымдарының қызметінде биометриялық аутентификациялауды жүргізудің бірыңғай нормативтік тәртібі, сондай-ақ Ұлттық биометриялық аутентификациялау жүйесімен (ҰБАЖ) өзара іс-қимылға қойылатын бірыңғай талаптар жоқ.

Қаулы биометриялық аутентификациялау жүргізудің бірыңғай қағидаларын белгілеуге, ҰБАЖ-ны міндетті пайдалану жағдайларын айқындауға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығымен (СДАО) өзара іс-қимыл тәртібін реттеуге бағытталған.

Құжат шоттарды қашықтан ашуды, цифрлық сервистерде тіркеуді, электрондық цифрлық қолтаңбаны шығаруды қоса алғанда, барлық қаржылық және төлем қызметтеріне биометриялық аутентификацияны қолдануды кеңейтеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰБАЖ-ды міндетті пайдалану жағдайларын айқындайды.

Қағидалар биометриялық аутентификациялауды жүргізу тәртібін, биометриялық деректерді қорғауға, кескіннің «жандылығын» тексеру технологияларын пайдалануға, аутентификациялау нәтижелерін сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ қаржы және төлем ұйымдарының СДАО және ҰБАЖ-мен өзара іс-қимылын реттейді.

Қаулылар биометриялық аутентификациялау жүргізудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға және қаржылық көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Қаулының мәтінімен Агенттіктің сайтында танысуға болады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz