Кредиттік бюролардың қызметін ұйымдастыру кезінде цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Агенттік Басқармасының ағымдағы жылғы 30 маусымда «Кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ Кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы
27 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №100 қаулысын қабылдады.
Құжат банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын кредиттік бюролар, ақпарат берушілер және кредиттік есептерді алушылар үшін цифрлық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Кредиттік бюролар туралы заңда қолданылатын бірқатар терминдер өзгереді, мысалы, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздер «цифрлық технологиялар» деген сөздермен, «ақпараттық жүйе» деген сөздер «цифрлық жүйе» деген сөздермен, «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым» деген сөздер «цифрлық инфрақұрылым» деген сөздермен, «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен, «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылады.
Қаулының мәтінмен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы